Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 23 просмотра

Қосымша грант бөлінеді

Тегін оқуға түсе алмай, бармақ тістеп қалған талапкерлер үшін жағымды жаңалық. Елімізде қосымша мемлекеттік грант бөлінетін болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры үміткерлерге арнап 350 квота берді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Бірақ ескеретін бірнеше жайт бар. Грантқа ең бірінші ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері үміткер бола алады. Негізінен, бағдарлама жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға, мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлерге арналған. Іріктеуге ҰБТ тапсырып, ақылы оқуға түсу үшін белгіленген ең төменгі межені жинағандар қатыса алады. Шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша емтихан нәтижелері де есепке алынады. Түпкілікті үміткерлер тізімі конкурстық комиссия арқылы рәсімделеді. Ал білім беру грантын бөлу тәртібімен қоғамдық қордың ресми сайтында танысуға болады.

← Все новости