Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

15 миллион қазақстандықтың дерегі сатылымға шыққаны рас па?

Желіде 15 миллион қазақстандықтың жеке дерегі сатылымға шыққаны туралы ақпарат тарады.

Желіде 15 миллион қазақстандықтың жеке дерегі сатылымға шыққаны туралы ақпарат тарады. Құзырлы органдар жарияланған мәліметке техникалық тексеру жүргізіп жатыр. 15 миллион қазақстандықтың дерегі сатылымға шықты. Сіз бен біздің төлқұжатымыз, телефон нөмір мен электронды пошта мекенжайлары, тіпті жұмыс орнымыз жайлы ақпарат пен құпиясөздер хакердің қолында екен. Оның мәлімдеуінше, көлемі 2,7 ГБ болатын база мемлекеттік eGov жүйесін бұзу арқылы алынған. Shymzz13 лақап атындағы қолданушы файлды шамамен 32 мың долларға бағалапты. Өйткені базада 47 миллион жол дерек бар көрінеді. Ал күні кеше Үкімет отырысында eGov-тың жұмысын жақсарттық деген жауаптылар бүгін тайлы-тұяғымен тексеріске кірісіпті. Алайда ақпараттың электрондық үкімет порталынан алынғаны қисынға келмейді дейді. Дегенмен мұндай жағдай бірінші мәрте болып тұрған жоқ. 2025 жылдың жазында 16,3 миллион жазбадан тұратын деректер базасы тарап кеткен болатын.

ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен бірлесіп жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізілуде. Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ. Сонымен қатар жарияланымдарда көрсетілген ақпараттың бір бөлігі электрондық үкімет деректерінің құрылымы мен форматына сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, eGov жүйесінде жарияланымдарда көрсетілген форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше.

← Все новости