Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Каспийді қорғау шаралары күшейтілді

Халықаралық Каспий теңізі күніне орай елімізде теңізді қорғау және табиғи байлығын сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтіліп жатыр.

Халықаралық Каспий теңізі күніне орай елімізде теңізді қорғау және табиғи байлығын сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтіліп жатыр. Бүгін — халықаралық Каспий теңізі күні. Елімізде оны қорғау және табиғи байлығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатыр. Атап айтсақ, өткен жылы өңірде Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты ашылды. Үкімет бұл мақсатқа 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлді. Қазір ғалымдар судың сапасын, ауасын және биологиялық жағдайын тұрақты түрде зерттеп жатыр. Сонымен қатар Ақтауда халықаралық экологтар мен волонтерлердің қатысуымен жағалауды тазарту акциялары мен экологиялық жобалар өткізіледі.

ДӘУЛЕТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ағымдағы жылы институт жағалау аймағындағы ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізумен қатар, теңіз акваториясында тікелей кешенді мониторинг жүргізуде. Теңіздегі 21 стансаны қамти отырып, 2 теңіз экспедициясын өткізу және Түрікменстаннан Ресейге дейінгі жағалау сызығының бүкіл ұзындығы бойынша жағалаудағы 22 нүктеде тұрақты жерүсті мониторинг жүргізу жоспарлануда.

← Все новости