Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Теріскей халқы судан тарығып отыр

Теріскей халқы қарапайым ауыз суға зәру.

Теріскей халқы тас дәуірінің күнін кешіп отырмыз деп ашынды. Себебі қарапайым ауыз суға зәру. Жергілікті жұртқа жуынып-шайынатын суды жеке компания көлден тасыса, ішетінін өзге мекеме ыдысын 80 теңгеден саудалайды. Оның өзі күнде жоқ. Жұрт бұл тіршілік көзін аптасына екі-ақ рет — сейсенбі мен жұмада, кесте бойынша ғана алады екен.

НИНА МИХАЙЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

21-ғасырда өмір сүріп жатып, тас дәуірінің күнін кешіп отырмыз. Шыны керек, шаршадық… Қыста істейтініміз — мұз шауып, қар еріту. Прокуратураға да жаздық. Олар істі аудан әкімдігіне ысыра салды. Әкім келіп, су жүргізіп береміз деп уәде берген еді.

Негізі ауылда орталықтандырылған су құбырын жүргізу туралы осыдан бес жыл бұрын айтылған, тіпті бір жыл бұрын елді мекенге жерастынан су тартатын ұңғыма да салыныпты. Алайда іске қосылмаған. Өйткені жоба қаржының жетіспеушілігіне байланысты тоқтап тұр. Ал шенеуніктер мәселені шешу үшін құбыр тартпай-ақ, ұңғымадағы суды тазалайтын арнайы құрылғы орнатпақ.

МҰРАТ ҚАПАРОВ, АСАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдық округ бойынша Толмачевка мен Плоское ауылдарына 2 кешенді блок-модульге 10 миллион теңге бөлінді. Қыркүйектің аяғына дейін суды іске қосамыз… Мұнда топтық су құбырын тарту тиімсіз болады. Оған магистраль жүргізу керек, ал ол Асановодан 10 шақырым жерде. Сондықтан ол жерге кешенді блок-модуль орнатып, суды тазарту туралы шешімге келдік.

← Все новости