Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Бірінші сыныпқа баратындар саны рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін

Пандемия кеше ғана өткен сияқты еді. Ал бүгін сол бір қиын-қыстау кезеңде дүниеге келген балалардың алды мектепке дайындалып жатыр. Елімізде жаңа оқу жылында кәдімгідей қарбалас болайын деп тұр. Себебі білім әлеміне тарыдай болып кіретін жеткіншектердің саны рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Қыркүйекке дейін меже 380 мыңнан асып жығылады деген болжам бар. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 60 мыңға артық. Қала мен ауыл мектептеріне баратын балалардың саны да бір-біріне қарайлас. Сәйкесінше, шаһардағы білім ошақтарына 192 мың бала қабылданса, елді мекендерде 128 мың оқушы құжат өткізген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 мың бала арнайы оқу ордаларына алыныпты. Ал құжат өткізу бойынша бірінші орында әдеттегідей Түркістан облысы. Аймақта биыл 50 мың бала мектеп табалдырығын аттайды.

Қайыркен Отыншы

← Все новости