Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Отандастарымыз қажылықтан оралды

Қажылықты орындауға кеткен қазақстандықтардың барлығы елге аман-есен оралды.

Ислам дініндегі бес парыздың бірі — қажылықты орындауға кеткен қазақстандықтардың барлығы елге аман-есен оралды. Жалпы, Сауд Арабиясына 4 мың жерлесіміз аттанған еді. Кеше түнде Корольдік аумағынан ұшып шыққан қажылардың соңғы легі Қазақстанға табан тіреді. Азаматтар Араб түбегіндегі қасиетті Мекке және Медина қалаларына барып, Қағбадан бөлек тарихи және діни маңызы бар зиярат орындарын аралады. Ал республиканың қажылық миссиясы сапардың сәтті өтуіне үлес қосқан Саудия Корольдігіне, еліміздің Арабия түбегіндегі елшілікке және қажылықты ұйымдастырған тур операторларына алғыстарын жаудырды. Айта кету керек, биыл қасиетті қос шаһарға жаһанның түкпір-түкпірінен 1,5 млн адам парыздарын орындауға барыпты.

← Все новости