Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

СҚО-да 9 су айдыны кәсіпкерлерге 10 жылға беріледі

Солтүстік Қазақстан облысындағы 9 су айдыны кәсіпкерлерге 10 жылға берілмек.

Енді көлдеріміз де жалға берілетін болды. Солтүстік Қазақстан облысындағы 9 су айдыны кәсіпкерлердің қолына өтпек. Жалға алушылар 10 жыл бойы бекітілген аумақта балық шаруашылығын дамыта алады. Көлдердің жалпы аумағы 595 гектарға жуық. Бұл жерлерді алу үшін конкурсқа қатысу қажет. Байқауды Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамындағы арнайы инспекциясы өткізеді. Өтінімдерді қабылдау осы айдың 28-іне дейін жалғасады. Ол үшін азаматтар e-qazyna.kz порталында тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтініш береді. Сондай-ақ 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кепілдік жарна төлейді.

← Все новости