Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Ескі автобустан аялдама жасады

Қарағандыда ескі автобус кәдеге жарады. Мерзімі жетіп, қолданыстан алынған көлік енді өзі сонша жыл тоқтаған аялдамаға айналыпты. Бір қызығы, ерекше аялдама дәл автопарктің алдында пайда болған. Техника тура 15 жыл бойы шахтерлер қаласында жолаушы тасыған екен. Ал оны аялдамаға айналдыру туралы идея қалалық әкімдік шенділерінен шыққан.

ТЕМІРЛАН ТАЛДЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Қолымыз бос кезде шетелдік аялдамалардың қалай безендірілетінін зерттеп отырып, осындай автобусты тауып алдық. Бұл жоба бізге ұнады. Оның үстіне ескі көлікті аялдамаға айналдыруға бюджеттен бір тиын да жұмсалмады.

Барлық дәнекерлеу жұмыстарын автопарк қызметкерлері өздері жасапты. Автобус аса қатты өзгеріске ұшырамаған. Шенділердің бұл идеясы қала тұрғындарының көңілінен шыққан сыңайлы. Аялдама халықтың әдейі келіп, суретке түсетін жеріне айналған.

ЖҰЛДЫЗ ҚАПАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Аялдама бірнеше бөліктен тұратындай етіп ұзартылса деген тілек бар. Жүргізуші кабинасында ас-су сатылса да жақсы болар еді. Мысалы, қыста ыстық шай, жазда салқын сусын болса, қатып кетер еді!

Сәулебекова Гүлмира

← Все новости