Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Кореяға жұмысқа баратындар үшін маңызды жаңалық

Оңтүстік Кореяда еңбек еткісі келетіндер үшін сүйінші жаңалық! Қазақстан таңғы шық елінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған EPS бағдарламасының мүшесі атанды. Бұл екі қолға бір күрек іздегендердің заңды әрі қауіпсіз жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе 2028 жылдан іске қосылады. Айта кетейін, еліміз бұл бағдарламаға қатысушы 18-ші мемлекет. Бізден бөлек, Орталық Азиядан Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да осы жүйеге мүше.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазақстанды EPS жүйесіне қосу жөніндегі жұмысты министрлік 2023 жылдан бері жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтарды іріктеу мен даярлауға мүмкіндік беретін барлық қажетті рәсімдер кезең-кезеңімен орындалды. 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалаған болатын. Сарапшылар EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеруден өткізу және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары жөнінде ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

← Все новости