Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Атырау апорттың отаны ма?

Атырау апорттың отанына айналып барады. Мұнайлы өлкенің маңындағы Сырөзек ауылында 5 гектар алма бағы бар екен. Сонау алпысыншы жылдарда егілген түптер бүгінде бауға айналған. Жемістің жеті түрін өсіріп, кәсібінен нәсібін терген жігіт ағасы — Мұрат Халық. Ол бала күнінен бағбандықтың қыр-сырын меңгеріпті. Әкесінен мирасқа қалған алқапта алмұрт пен шие, тіпті алхоры да өсіреді екен. Жалпы саны 2 000-ға жуық ағаш отырғызыпты. Еңбеккер тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда тұрғындар тал-теректі отқа жағып, жайқалған бақты жайпап кеткенде мойымаған. Бәрін табан ет, маңдай терімен қалпына келтіріпті.

МҰРАТ ХАЛЫҚ, БАҒБАН:

2001 жылы осы жер айдала болды. Айдаланы тегістеп, қоршау салып, су жүретін құбырларды жүргізіп, дайындалып, 2003 жылдан бастап сол алма ағашы егілді. Қазір 450 түп алма ағашы бар. Экспортқа ойымыз бар. Бірақ арық сөйлеп, семіз шық дейді ғой. Экспортқа шығару үшін алманы өңдеу керек. Дайын тағам ретінде өңдеу керек. Оған енді технология керек.

← Все новости