Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Германиядағы этикетка желі қолданушыларын таңғалдырды

Германиядағы киім дүкендерінің бірінде қазақша жазылған этикетка әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Танымал брендтің тауарларындағы таңба лезде тарап, аз уақыттың ішінде 80 мыңнан аса қаралым жинаған. Шетелде саяхаттап жүргендер Еуропадағы сауда орталығында қазақ тілінде жазылған дүниенің көзге оттай басылғанын айтып жатыр. Ал кейбір желі қолданушылары біздің мемлекеттік тілдегі таңбалардың бірқатар елдің дүкендерінде тұрғанын тілге тиек етті.

← Все новости