Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Оқушыларға 6,5 млн теңге берілуі мүмкін

Оқушыларға 6,5 миллион теңгеге дейін ақша берілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осындай сүйінші хабармен бөлісті. Десе де бұл бәріне бірдей емес, тек халықаралық олимпиадаларда орын алғандарға ғана табысталмақ. Қаражат көлемі жас дарынның алған жүлдесіне қарай есептеледі. Нақтырақ айтсақ, алтын медаль иегерлеріне 6,5 миллион теңгеге дейін, күміс жүлдегерлерге 4 миллионнан астам, ал қола алғандарға шамамен 2 миллиондай бұйырады. Айта кетейік, биыл қазақстандық оқушылар жаһандық жарыстарда 1059 медаль алыпты. Сондай-ақ Колумбияда өткен физикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының бес мүшесі де алтын алып, тарихта болмаған нәтиже көрсетті.

← Все новости