Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 22 просмотра

Құтқарушылардың баспаналы болуы жеңілдейді

Енді құтқарушылардың баспаналы болуы жеңілдейді. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының алдында есеп берген Шыңғыс Әрінов баяндады. Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, жаңа бастамаға сәйкес құтқару базаларының жанынан тұрғын үй салу жоспарда бар. Сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту шаралары қарқынды жүріп жатыр екен. Соңғы екі жылда бір жарым мыңға жуық заманауи құтқару жабдықтары сатып алыныпты. Ол аз десеңіз, арнайы авиация және теңіз жасақтары құрылған. Ал «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салыныпты. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев сала басшысына өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Президент тарапынан құтқарушылардың жұмысына жоғары баға беріліп, нақты тағы да тапсырмалар берілді. Соның бірі — жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірлесіп төтенше жағдайлар бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстарды бірлесіп жасау.

← Все новости