Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Су шаруашылығында кадр тапшылығы шешілмек

Елімізде су саласы мамандарын даярлайтын оқу орындарының қатары көбейді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, олардың саны қазірдің өзінде 1,5 есе өсіп, 15-тен 23-ке жеткен. Өткен жылы бұл бағытта 9 жоғары оқу орны мен 6 колледж жұмыс істесе, қазіргі уақытта 13 университет пен 10 арнаулы орта оқу орны болашақ мамандарды дайындауда. 2,7 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

← Все новости