Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Еліміздегі көліктің саны 6 миллионнан асты

Елімізде темір тұлпар тақымдағандардың саны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде 170 мыңға жуық көлік тіркеуге қойылыпты. Бұл өткен жылдың дәл осы мезгілімен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Ал мемлекеттік нөмір алғандардың 87 пайызы – жеңіл автомобильдер. Бес пайызын жүк машиналары құраса, қалғаны – автобустар мен мотоциклдер екен. Көпшіліктің көңілі 1,5–2 литрлі қозғалтқышы бар көліктерге ауып отыр. Әсіресе, астаналықтар мен алматылықтар жүрісі жайлы, бағасы да қолайлы автомобильдерге құмар. Ал елімізде тіркелген темір тұлпарлардың жалпы саны алты миллионнан асып жығылады.

← Все новости