Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Сән әлемінің жұлдызы әскер сапында жүр

Сән әлемін бағындырған жігіт әскер сапында жүр. Шыңғыс Таңатпаев бірнеше жыл бұрын халықаралық дәрежедегі даңқты дизайнерлердің киімдерін көпшілікке таныстырып, модель ретінде танылған. Бүгінде әскери форма киіп, Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Бойы мен бітімі келісті жігіт модельдік мансабын 17 жасында бастаған екен. Франция, Италия сынды елдердің бренд киімдерін көпшілікке ұсынып, әлемді шарлаған. Ал қазір Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосып жүр.

ШЫҢҒЫС ТАҢАТПАЕВ, 5451 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

Мен халықаралық деңгейдегі модельмін. 18 жасымда сән әлемін бағындыру үшін Қазақстаннан кеттім. Француз дизайнері Пьер Карден, итальяндық дизайнер Федерико Бараззо сияқты әлемдік деңгейдегі кутюрьелердің сән көрсетілімдерін ашып, әлемдік брендтердің жарнамаларына түстім. Белгілі бір уақыттан кейін Отан алдындағы борышымды өтеу үшін Қазақстанға қайта оралып, Ұлттық ұлан қатарына қосылдым. Бұрын әлемдік дизайнерлердің киімдерін кисем, қазір әскери форманы мақтанышпен киіп жүрмін.

← Все новости