Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

2028-де тартылатын газ екі жыл бұрын келді

«Сарыарқа» магистраль газ құбырының шарапатын елордада жер үйде тұратындар ғана емес, Астана маңындағы ауылдар да көре бастады. Бұған дейін Қосшы, Талапкер сынды ірі елді мекендерге газ кірсе, енді Қаражар мен Қараөткелдегі қараша жылдағыдай қыс бойы көмір тасып, күл шығармайтын болды. Айта кететін жайт, бастапқы жоспар бойынша бұл ауылдарға көгілдір отын тек 2028 жылы тартылуға тиіс болған. Алайда әкімдік пен жауапты компанияның нәтижелі келіссөзі арқасында ағайынның үйіне екі жыл ерте газ кіреді.

Осы бір тарихи сәт алдағы қысқа үреймен қарап отырған алты мың тұрғынға үміт сыйлады. Енді олар бұрынғыдай көмір тасып, күл шығармайды. Ауылға 300 шақырым газ құбыры тартылды. Енді оны үйді-үйге кіргізу тұрғындардың өз қамы. Әкімдік бұл ретте де көмек болады деп отыр.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп сондай шешім қабылдап отырмыз. Осы осал топтарға 20 пайыз тұтынушы ретінде төлемі аз болады және жағдайлары төмен адамдарға 70 айлық есептік көрсеткіш бойынша көмек бөлінеді. Ол мәслихатпен бекітілген. Ауыл тұрғындарының газ қосуына өзінің оң септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Оразовтар отбасы бұл ауылға бір жыл бұрын көшіп келген екен. Былтыр қыс бойы мына пештің алдынан шықпадық дейді отағасы. Биыл да отын-суын сайламаққа бел буғанда, ауыл әкімі жазда жақсы хабар айтып кетіпті.

ОЛЖАБАЙ ОРАЗҰЛЫ, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кезек-кезек жүретінбіз, күйеу бала бар, өзіміз де бар арасында. Үйді жылыту керек болса, бәріміз жүгіреміз. Енді міне, бір кнопканы басып қойып, шалқып жататын заманға оралдық.

Қаражар мен осы маңдағы Қараөткел ауылдарына газ 2028 жылы тартылады деп жоспарланған еді. Алайда жауапты компания бұл жұмысты екі жыл бұрын тәмамдап, елдің алғысына бөленді.

ЕРЖАН БАЛАБЕКОВ, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әкімшілікпен тығыз жұмыс істеген кезде, техникалық мүмкіндіктер пайда болған кезде, жоғары қысымды газ құбырын қосу жұмыстарына бел буып, Қаражарды 2028 жылы емес, 2026 жылы қосуға бел буып отырмыз.

Алдағы жылы осы маңдағы 9 ауылда тұратын 30 мың абонент те көгілдір отынның қызығын көрмекші екен.

← Все новости