Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Түрікменстан шекарасына дейін 2 сағатта жетуге болады

Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі қашықтықты енді небәрі 2 сағатта еңсеруге болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді. Жөндеу аяқталғаннан кейін жолдың өткізу қабілеті шамамен екі есе артып отыр. Бұрын осы екі араға 7 сағат жүретін. Жоба аясында 50 шақырым жер тегістеліп, 49,7 шақырым аумаққа арнайы төсеніш пен қиыршық тас аралас құм салынған. Сонымен қатар 33 шақырым жолдың негізгі қабаты қатайтылып, 28 шақырымға сапалы асфальт төселіпті. Компанияның айтуынша, жаңа жол басқа елдермен сауда байланысын жақсартып, жүк тасымалын едәуір жеңілдетеді. Сондай-ақ бұл бастама өңірдің экономикасы мен туризмінің дамуына үлкен септігін тигізбек.

Үсен Астана

← Все новости