Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Шетелдік блогерлер Алматыға келді

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар тревел-блогерлер келді. Әлемнің 30 елінен жеткен меймандар алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық форумға қатысады. Онда әлеуметтік желілерді табыс көзіне айналдыру, саяхат жайлы сапалы контент жасау секілді тақырыптар қозғалмақ. Туризм бағытында креативті блог жүргізетіндер қаланың ең көрікті жерлерін аралап, ұлттық тағамнан дәм татты.

КРИСТИН САЛИНС, ФУД-БЛОГЕР (АУСТРАЛИЯ):

Біз әзірге жылқы етін жеп көрген жоқпыз, бірақ міндетті түрде көреміз. Өйткені австралиялықтар үшін бұл мүлде жаңа тәжірибе. Австралияда тек кенгуру етін жейміз. Бірақ бізді асхана ғана емес, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы да қызықтырады. Тілі де, музыкасы да өте тартымды екен. Қазақстанға келетін австралиялықтардың саны артып келеді – тек өткен жылдың өзінде олардың саны шамамен 20 пайызға өскен.

Этноауылда блогерлер әсем табиғатымызға тамсанып, тазылардың жарысын, бүркіт ұшырған құсбегіні алғаш рет көргендерін айтты. Одан кейін Шымбұлаққа көтерілді. Қаланың ішінде Ықылас музейі, Көк базар, Көктөбеге де барып, әдемі контент түсіруге мүмкіндіктері болды. Туристер үшін экскурсияның бәрі тегін. Біздің қазақы қонақжайлығымызды ерекше атап өтуде.

САНЖАР КАЛЕШОВ, «АЛМАТЫ ТУРИЗМ БЮРОСЫ» ЖШС ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біздің табиғи сұлулығымызды, туристер баратын негізгі нысандарымызды көрсетіп, Қазақстанның қаншалықты дамығанын таныстыру. Өйткені олардың миллиондаған оқырманы бар. Олар бөліскен кезде Алматыда туристер көбейе бастайды.

Гүлнәзия Мейірхан

← Все новости