Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Құрылтай есімді 10 адам бар

Елімізде «Құрылтай» есімді 10 адам бар екен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл ерекше атты арқалағандардың алтауы ер адам, төртеуі әйел екен. Бір қызығы, олардың дені егде тартқан адамдар. Ең үлкені сексеннің сеңгіріне шыққан. Ал географиясына келсек, «Құрылтай» ныспысымен жүрген төрт тұрғын Шығыс Қазақстанда тұрады. Алматыда екеуі бар. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау аймақтарында бір-бір кісіден тіркелген.

← Все новости