Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Кореяда ресми жұмыс істеуге болады

Кореяға аңсары ауып жүрген отандастарымыз үшін жағымды жаңалық. Енді Таңғы жұпар елінде ресми түрде еңбек етуге болады. Қос тараптың 3 жылға созылған келіссөздері өз жемісін берді. Алдағы уақытта Алматыда Сеулдің арнайы орталығы ашылады. Бағдарламаға 18 бен 39 жас аралығындағы азаматтар қатысады. Ал шет мемлекетке баратын үміткердің соттылығы болмауы тиіс, бұған дейін Кореядан депортацияланбауы шарт. Сондай-ақ Қазақстан аумағынан шығуға қандай да бір кедергі болмауы маңызды. Ал кандидаттар қатаң тәртіп бойынша іріктеледі. Мәселен, шетелдегі жұмыс беруші ең алдымен азаматтардың біліміне, тәжірибесі мен кәсіби сертификатына назар аударады. Бұдан бөлек, жерлестерімізге төлқұжат пен медициналық анықтама қажет. Алайда түпкілікті іріктеу оңтүстік мегаполисте орталық ашылған соң басталады. Ең соңында азаматтар корей тілінен емтихан тапсыруы тиіс. Айта кету керек, отандастарымыз Кореяда ресми 3 жылға дейін еңбек ете алады. Бірақ келісімшарт аяқталған соң түбектен уақытында шығып кетуі тиіс.

← Все новости