Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Сайлау күнгі Алматыдағы атмосфера

Алматыда кейбір сайлау учаскелерінде ерекше мерекелік атмосфера сезіледі. Мегаполис түгел ұлттық дәстүрге сай безендіріліп, дауыс берушілерді музыкамен қарсы алды. Тіпті түрлі сайыстар да ұйымдастырылған.

ГҮЛНӘЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Дәл қазір мен Жетісу ауданындағы 334-ші учаскеде тұрмын. Мұнда 2583 адам тіркелген. Таңмен таласа келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды қоғамдық іске белсенділік танытуда. Кейбірі кішкентай балаларын да ертіп келген. Солардың бірі — Гүлнұр Әбетова. Ол осы қазір өз таңдауын жасап шықты.

ГҮЛНҰР ӘБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қайырлы күн, қазақ елі. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Бұл жай ғана таңдау емес, Қазақстан болашағына деген жауапкершілік деп ойлаймын. Өз дауысыңызды беріңіздер.

ГҮЛНӘЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сайлау учаскесі келген азаматтардың көңіл күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі ұлттық ойындар мен концерт ұйымдастырған. Тұрғындар сайысқа бір кісідей атсалысып, өнерлілері ән шырқады. Сыртта тағы әр дауыс бергендер тәтті бауырсақтан ауыз тиіп жатыр.

РУФИНАТ ӘДІЛҒАЗЫ, №334 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Ұйғыр, қырғыз, дұңған тұратындықтан, әр ұлт өкілдері өздерінің әндерін айтып, жырларын айтып, керемет ұлттық аспаптарымен келіп, жыр шашу шашып жатыр. Белсенділік өте жақсы. Біздің тарапымыздан осы келіп жатқан керемет сайлаушыларымызға ұлттық ойындар ұйымдастырылып жатыр. Оның бірі — асық, бестас.

ГҮЛНӘЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Осылайша, Жетісу ауданының тұрғындары өз таңдауын жасауда. Әр бюллетеньді санап, бақылаған комиссия мүшелері отыр. Учаскелер кешкі сегізге дейін ашық тұрады.

← Все новости