Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Әйгілі ақын туған күнін учаскеде қарсы алды

Қазақтың көрнекті ақыны Ақұштап Бақтыгереева да бүгін туған күнінде азаматтық парызын орындады. Осы күні 82 жасқа толған қаламгер Алматыдағы №650 сайлау учаскесіне арнайы келіп, саяси науқанға атсалысты. Ұлы дала болашағы мен ұлт ертеңі үшін дауыс берген поэзия падишасы халықты бірлікке шақырды. Өз сөзінде әрбір азаматтың үні ел тағдыры үшін маңызды екенін жеткізді.

АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, АҚЫН:

Менің тал бесігім де, жер бесігім де осы Ұлы даладай. Бізде басқа Отан жоқ! Осы қазақ даласының ертеңіне әркім өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін туған күнімде құттықтаулар қабылдап, ұрпағымнан, дауысымды орталыққа келіп, өз үнімді қосып тұрмын!

← Все новости