Жаңақорған ауданы жылан жалағандай тазарып, ажарланып қалды!
Себебі елді мекенге кіреберіс жолдың бойында ауқымды экологиялық акция өтті. Өңірдің белсенді жастары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, айналадағы қоқым-соқымды жинап, ретке келтірді. Бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Осындай игі бастама арқылы ұл-қыздар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған жердің тазалығы әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте аңғартты.
НҰРМҰҚАСАН ӘУЕЗХАН, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл, әрине, өзге де жастарымызға, жалпы аудан тұрғындарына және қонақтарына үлгі деп білеміз. Айналамыздың тазалығы, қоршаған ортаның тазалығы – бәріміз үшін өте құнды деп санаймыз. Сондықтан да сіздерді осы тазалық акциясына атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығы – еліміздің дамуының басты кепілдерінің бірі деп санаймыз.
Қуат Құдайберген