Биылғы оқу жылында магистратураға бөлінетін грантқа 23 мыңға жуық өтініш түскен.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие болған үш бағыт белгілі болды. Олар – педагогика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады.
Рамазан Палмағанбет