Саяси науқан барысында Қазақстан мен Беларусь республикаларының орталық сайлау органдары арнайы келісімшартқа қол қойды.
Оған сай тараптар екі елде өтетін дауыс берулер барысында жинаған тәжірибелерімен өзара бөліспекші. Бұл жайында Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко мәлімдеді. Осы жолы елімізге бақылаушы ретінде келген ол сайлауалды дайындық жұмыстарының өте жоғары деңгейде өткеніне таңғалып, өздері үшін пайдалы тәжірибе жинағандарын жеткізді.
ИГОРЬ КАРПЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бізді Қазақстандағы дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеген еріктілердің қызметі қызықтырды. Беларусьте де түрлі саяси науқан барысында еріктілер жұмысқа тартылады. Алайда сіздің елдегі жағдайдан кейін электоралды ерікті мәртебесін заңмен бекітуді жөн көріп отырмыз.
Гүлмира Тасболатқызы