Үкіметте жылу беру маусымына дайындықты баяу жүргізіп жатқан өңірлер аталды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, тұрғын үйлердің 96 пайызы қысқа тас-түйін әзір. Халықты жылумен қамтамасыз етуде Түркістан облысы көш бастап тұр. Ал білім беру нысандары бойынша Алматы мен Ақтөбе облыстары жоспардан қалып отыр. Сондай-ақ жауапты ведомство Шымкент пен Алматыдағы денсаулық сақтау мекемелерінің де дайындығы төмен екенін мәлімдеді.
ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлердің дайындық деңгейі төмен. Өңірлерде инженерлік инфрақұрылымға да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1 808 шақырым сумен жабдықтау желісінің 1 303 шақырымы жөнделген. Бұл – жоспардың 72 пайызы. Жөндеу жұмыстары 6 өңірде толық аяқталды. Төмен көрсеткіштер Алматы және Жамбыл облыстарында орын алып отыр.