Перейти к содержимому
СРОЧНО

Мемлекеттік мекемелерде кадр жұмысы цифрланады

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік ұйымдардағы кадрлық жұмыстар енді «Бірыңғай кадр жүйесі» арқылы жүргізіледі. Қызметкерді жұмысқа қабылдау, басқа лауазымға ауыстыру, марапаттау, тәртіптік жауапкершілікке тарту және жұмыстан шығару рәсімдері электронды түрде тіркеледі. Жүйеде маманның еңбек жолы мен жақын туыстары туралы мәлімет те сақталады. Бұл мүдделер қақтығысын, еңбек заңнамасының бұзылуын және кадр тапшылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ақпарат тек қызметтік мақсатта пайдаланылады. Жаңа тәртіп 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жұмыс берушінің қажетті деректерді мемлекеттік цифрлық базалардан алуына мүмкіндік беретін талап 2027 жылдың 1 қаңтарынан қолданылады.

← Все новости