Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жоба

Енді Таразда оқушыларды жасанды интеллект «бақылайды». Қалалық прокуратура кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін «AimapKids» жобасын қолға алды. Осылайша жаңа жүйе интернеттегі ақпаратты талдап, балаларға төнуі мүмкін қауіптерді ерте анықтамақ. Тың жоба шаһардағы 100-ге жуық мектепте жүзеге асырылады. Әзірге пилоттық форматта жұмыс істеп тұр. Атаулы бағдарлама депрессия белгілері мен лудомания, суицидтік тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, прокуратураның мәліметінше, өткен жылы 3 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаса, биыл бір бұрымды суицидке барған.

САЛАМАТ ӘБІТБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ ПРОКУРОРЫ:

Жобаның негізгі міндеті — зиянды заттарды қолдану, зорлық-зомбылық сияқты негізгі тәуекел бағыттары бойынша талдау. Пилоттық жобаны іске асырудың мерзімі 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

← Все новости