Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Қазақстан мен Қытайда бір куәлік жарамды болуы мүмкін

Енді Қытай мен Қазақстанда ортақ жүргізуші куәлігі пайда болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу құжатын өзара тану туралы келісім жобасын әзірледі. Жаңа бастаманың негізінде екі елде де темір тұлпар тізгіндеуді жеңілдететін келісім ұсынылды. Қазір құжат «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына жарияланып, 30 тамызға дейін көпшілік талқысына түспек. Егер жоба қабылданса, Қазақстан мен Қытай азаматтары қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәлігімен екінші елде жеңіл автокөлік жүргізе алады. Бұл үшін тиісті талаптарды сақтау қажет. Куәлікті айырбастау кезінде азаматтарға қайта оқып, емтихан тапсырудың қажеті болмайды. Алайда рәсім құжат айырбасталатын елдің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

← Все новости