Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

7 млн баланың есепшотына ақша түсті

Балалардың қанжығасы майланған жыл. «Ұлттық қор — балаларға» жобасы іске қосылғалы 7 миллионға жуық ұл-қыздың есепшотына қаражат аударылды. Мемлекет басшысы бұл бастама — өскелең ұрпақты қолдаудағы ең маңызды жетістіктеріміздің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент ЮНИСЕФ-тің мәлімдемесіне де тоқталды. Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы Балалар қорының айтуынша, еліміз осы сала бойынша Орталық Азиядан бөлек, Еуропадағы бірқатар мемлекетке үлгі болып отыр. Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымға ризашылығын білдіріп, бұл бағытта көп жұмыс атқарылғандығын тілге тиек етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау аса маңызды міндет. Ол мемлекет саясатындағы негізгі басымдықтың бірі. 2024 жылы — 695,5 миллион доллар, 2025 жылы — 888,8 миллион доллар, 2026 жылы — 901,7 миллион доллар болды. Бұл жұмыс еліміздің үлкен жетістігі екені сөзсіз. Көптеген мемлекет балаларға арналған осындай ауқымды қолдау саясатын жүргізе алмай отыр.

← Все новости