Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Ақылы автожолдарда төлем жасау жеңілдейді

Ақылы автожолдарда төлем жасау жеңілдей түспек. Енді жүргізушілер касса жағалап немесе әр сапар сайын алдын ала төлем жасап, әуре-сарсаңға түспейді. Себебі «ҚазАвтоЖол» RFID деген жаңа құрылғыны енгізіп жатыр. Алдымен жұрт оны көлігіне орнатады, кейін ақылы жолдағы арнайы пункттен өткен сәтте ақша автоматты түрде шоттан шешіп алынады. Әсіресе көлік көбейіп, бекеттерде ұзын-сонар кезек болғанда бұл тәсілдің пайдасы айқын көрінбек. RFID жабдығы тегін беріледі. Құрылғыны төлем пунктінен алып, сол жерде бірден машинаға орнатуға болады.

← Все новости