Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Мектеп оқушылары шұбат ішеді

Енді оқушылар сабақта шұбат ішуі мүмкін. Мектептегі тамақ мәзіріне ұлттық сусынды қосқалы жатыр. Маңғыстауда осындай бастаманы қолға алыпты. Өңірдің басшысы Нұрдаулет Қилыбай қиылып сұрамаса да, айналасында жүргендер әкімнің ұсынысын қолдай кеткенге ұқсайды. Қыркүйектен бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектепте балаларға ұлттық сусын беріледі. Аймақтың жауапты тұлғалары түйе сүтін тек бір қалада емес, Маңғыстау облысындағы барлық білім нысандарының оқушыларына ішкізуді көздеп отыр.

Үсен Астана

← Все новости