Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Министрлік ата-аналарға үндеу жасады

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің Ішкі істер министрлігі ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге үндеу жасады.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді, мектепке өз бетінше барады, түрлі секциялар мен үйірмелерге қатысады. Сондықтан жолдағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін тағы бір рет еске салу маңызды. Жолдан өтерде тек белгіленген жерден өтіңіздер. Телефон мен құлаққапты алып қойып, мұқият болыңыздар. Велосипед, мопед және электр самокаттарын пайдаланған кезде жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтаңыздар.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды тасымалдауға арналған барлық автобус тексерілген. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқамалар беріліп, оларды оқу жылы басталғанға дейін жою тапсырылыпты.

Гүлмира Тасболатқызы

← Все новости