Астанада мүгедектікті рәсімдеу тәртібі жеңілдейді. Мәселен, бұған дейін азамат қайда бару керегін өзі анықтап, бірнеше кезеңнен өтіп, кей құжаттарды қайта тапсыруға мәжбүр болатын. Енді том-том қағаз жинап, бір мекемеден екіншісіне сабылып жүру азаяды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті бұл қажетті қызметтерді бір жүйеге біріктіріп жатыр. Адамның жағдайына қарай арнайы маршрут белгіленіп, мүгедектікті анықтаудан бастап әлеуметтік көмек алғанға дейінгі барлық процесс үйлестіріледі. Басты мақсат – халықты артық қағазбастылықтан арылтып, уақытын үнемдеу және қажетті көмекті тезірек көрсету.
Қуат Құдайберген