Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 20 просмотров

Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

Нағыз тілші, аңыз тілші Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол журналистиканы қызмет емес, өмірінің мәні деп түсінген азамат еді. Тікелей репортаж тарланының «Тек тілші ғана болдым» деген сөзі осыған дәлел. Оның шығармашылық ғұмырының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігімен сабақтас. 1998 жылдан бері Жетісу өңірінің тыныс-тіршілігін, елдің мұң-мұқтажын мінбердегілерге жеткізді. Ол әр кейіпкерін ауылдан іздеп жүріп табатын, жүрекпен жазатын тілші болды. Тәуелсіз Қазақстан телевизиясының қалыптасу кезеңін көзімен көріп, сол дәуірдің тарихын өзі жасады. Тележурналистикада қызмет қылып, 7 елдің Президентімен сұхбаттасып, қолын алған аңыз тұлға. Ел есінде сақтаған, есімін жаттаған тұлғаның қалдырған ізі, адамдық өнегесі кейінгі буынның жадында мәңгі сақталары анық. Марқұмның туған-туыстарына Мәдениет және ақпарат министрлігі қайғырып көңіл айтты.

← Все новости