Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Авторлық құқық қатаңдайды

Енді елімізде авторлық құқық қатаң сақталады.

Өйткені түрлі туындының иелері өз контентін бақылап отыратын мобильді қосымша іске қосылмақ. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді. Жаңа жүйе шығармашыл жанның дүниесін кімнің, қашан және қанша рет пайдаланғанын, сондай-ақ қанша сыйақы тиесілі екенін бақылауға мүмкіндік береді. Ал авторлар қажетті мәліметті кез келген уақытта ұялы телефон арқылы қарай алады. Вице-министрдің сөзінше, мобильді қосымша зияткерлік меншік саласындағы Бірыңғай цифрлық платформа аясында әзірленіп жатыр. Сол арқылы азаматтар авторлармен шарт жасасуға, туындылардың пайдаланылуын есепке алуға, есеп беруге, сондай-ақ тиесілі сыйақыны бөлуге және төлеуге мүмкіндік алады.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости