Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

137 бала жол апатынан көз жұмған

Күре жол балалардың өмірін жалмап жатыр.

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 137 жеткіншек жол апатынан қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы 6 мыңға жуығы жарақат алған. Әсіресе жаңа оқу жылы басталған тұста көшеде оқушылар да, мектеп маңында көліктер де көбейе түседі. Сондықтан ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

ҚҰРАЛАЙ КАРИНА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

15-30 тамыз аралығында республика бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» акциясын өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, түрлі оқиғаларға жол бермеу және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құзырлы орган балаларды көзден таса қалдырмау қажеттігін де ескертті. Өйткені жауапкершіліктің жүгі ауыр. Мысалы, биыл елімізде кәмелетке толмаған 18 мың ұл-қыз полицияға жеткізіліп, оларды қараусыз қалдырған 15 мың ата-ана жауапқа тартылыпты. Осы себепті әр отбасы жасөспірімдердің қайда, не істеп жүргенін бақылап отыруға тиіс екенін айтты.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости