Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 75 просмотров

Ерекше балаларға арналған фестиваль өтті

Астанада ерекше балаларға арналған фестиваль өтті. Іс-шара жасөскіндердің талантын ашып, қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Қоғамдағы тең мүмкіндікті қалыптастырып, инклюзия құндылықтарын насихаттауға арналған кеште ата-аналар да белсенділік танытты. Жас өнерпаздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән, би және басқа да өнер түрлері арқылы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалардың бір сахнада өнер көрсетуі «БӘРІМІЗ ТЕҢБІЗ» ұстанымын нақты айғақтап бергендей. Сондай-ақ қамқорлықты қажет ететін 50 балаға кәсіпкерлер тарапынан қаржылай көмек көрсетілді. Фестиваль ерекше балаларға ұнаса, болашақта дәстүрлі жобаға айналдыру жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.

ҚОЖАХМЕТОВ ШЫҢҒЫСХАН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Президенттің Жолдауына сәйкес мынау инклюзиялық ортаны халыққа бейімдеу, балалардың тең мүмкіндіктерін жасап беру, тең дәрежеде өмір сүру деген бір жақсы бастамалар іске асырылып келе жатыр. Соның бір көрінісі осы жас TAJ FEST деген шарамыз.

← Все новости