Алматыда алапат дауыл тұрып, айналаны шаң басты. Қала тұрғындары көз алдындағыны көрмей бәйек болып жатыр. Түскі сағат үштер шамасында жел күшейе бастапты. Қараша табиғаттың тосын мінезін таспаға басып, әлеуметтік желіге жариялауда. Онсыз да түтін торлаған мегаполистің аспаны қара-қою кейіпке еніп, тіптен түнеріп сала берген. Синоптиктердің айтуынша, алдағы екі күнде бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.