Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Теміртау қысқа дайын ба?

Қақаған қыста теміртаулықтар дірдек қағып жүрмей ме?

Жылыту маусымы жақын. Бірақ Теміртауға жылу беретін қазандықтарды әлі жөндеп біткен жоқ. Премьер-Министр Олжас Бектенов қысқа дайындығы кешігіп жатқан өңірлердің ішінде дәл осы металлургтер қаласын да атаған. Үкімет басшысы ескерту жасаған. Мердігерлер бірден жұмысымызға қарқын қостық, қыркүйекте аяқтауға уәде береміз депті. Бірақ мерзімінен әлдеқайда кешіктіріп жатқан көрінеді.

РИНАТ ҚЫДЫРБЕКОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Проблемалық учаскелердің бірі – жоспардан қалып келе жатқан №3 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары еді. Қазір артта қалушылықтың орнын толтырдық, жұмысты күшейттік. Көріп тұрғандарыңыздай, негізінен, 10 қыркүйекке дейін барлық инженерлік желі бойынша жұмыстарды толық аяқтаймыз.

Биыл 30 шақырым құбырды жөндеу жоспарланған. Алайда жылу қондырғылары да ескірген. Соның кесірінен қазандықтарды жаңарту бір айға кеш басталыпты. Есесіне 50 жыл пайдаланылған, апаттық жағдайдағы магистраль жаңартылып жатыр екен.

МАУЛЕН ҚАБДЕНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:

Теміртау қаласындағы №2 жылу электр орталығынан шығатын жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобада бұл жылу желісін «Кармет» аумағынан тыс жерге шығару қарастырылған. Оның 6 шақырымын қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жылу трассасы 1978 жылдан бері пайдаланылып келеді. Яғни оның пайдалану мерзімі әлдеқашан аяқталған.

Теміртаудағы жылу желілерінің тоз-тозы шыққан. Бұл жұмыстар екі жылға жоспарланыпты. Биыл үлгерсе, алғашқы кезеңі аяқталады. Ал оның нәтижесінде ғана қаланың коммуналдық жылу желілерінің тозу деңгейі биыл 75 пайыздан 65 пайызға дейін төмендейді. Бұл үшін 5 миллиард 300 миллион теңге бөлінген.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости