Жаңадан қоршалды деуге келмейді.
Павлодар облысының Бірлік ауылында былтыр ғана салынған зираттың қоршауы жергілікті тұрғындардың ашуын тудырды. Өйткені бір жылға жетпей қазықтары құлап, темірлері жұлынып жатыр екен. Қорымның айналасын жаңалауға 3 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, алты жүз метрдей аумақ қоршалыпты. Қалған бөлігі сол күйі қалған. Ал әкімдіктегілер зират маңы жауын-шашынның салдарынан бүлінгенін айтып отыр.
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ:
2026 жылы жауын-шашын салдарынан қоршаудың жекелеген бөліктеріне зақым келіп, ақаулар пайда болды. Анықталған ақауларды жою мақсатында жеке кәсіпкер «Сатимбеков» тарапынан 2026 жылғы 19-20 тамыз күндері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ақаулар толықтай жойылды. Жүргізілген жұмыстарға жеке кәсіпкер тарапынан 2 жыл кепілдік берілген.
Маржан Нүсіпбек