Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Балаларды камера бақылайды

Қазақстанда оқушылардың қауіпсіздігін 283 мыңнан астам бейнекамера бақылайды.

Қазір елімізде 8 мыңдай жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 93 пайызындағы бейнебақылау жүйесі жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдеріне тікелей қосылған. Алайда қауіпсіздік шаралары мектептің ішімен ғана шектелмейді. Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын да назарда ұстайды. Балалардың мектепке қауіпсіз барып, сабақтан кейін үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері салынып, жол белгілері, жарықтандыру жүйелері мен қоршаулар орнатылған.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости