Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 24 просмотра

Жемқорлар жымқырған ақшаға әуежай салынды

Кезінде жемқорлардың қалтасына кеткен қыруар қаржы бүгінде халықтың игілігіне жұмсалып жатыр. Соның бір дәлелі – жақында ашылған Арқалықтың су жаңа әуежайы. Бір кездері қаңырап бос тұрған ғимарат қайта жанданып, 33 жылдан кейін пайдалануға берілді. 19 млрд теңгеге бой көтерген нысанның құрылысы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Айта кетейік, елімізге жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын актив қайтарылған. Оның едәуір бөлігі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталыпты.

← Все новости