Алматылықтар, сақ болыңыздар! Қалада аш түлкі кезіп жүр. Жабайы аңдар адамдардан қорқудан қалған сияқты. Желіде тараған мына ролик алматылықтардың қызу талқысына түсті. Жыртқыш әл-Фараби даңғылының бойындағы аулада қоқыс ақтарыпты. Ал осы дерекке қатысты Іле-Алатау ұлттық паркінің мамандары түсінік берді. Олардың сөзінше, түлкінің қаланың ішінде жүруі тегін емес. Себебі жыртқыштар Алматының маңайындағы далалы жерлерде мекендейді екен. Оларды азықтың көптігі де қызықтыруы ықтимал. Десе де, мамандар жабайы жануармен бетпе-бет келген уақытта оған тамақ бермеуге, қызық көріп жанына жақындамауға кеңес береді. Себебі түлкіден қауіпті ауру жұғуы мүмкін.