Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

Жүк көлігі өртеніп, трасса жабылды

Түркістан облысының Қазығұрт асуында жүк көлігінің түгі қалмай өртеніп кетті. Оқыс жағдай «Алматы-Термез-Ташкент» күре жолында түнгі уақытта болған. Қызыл жалынның ортасында қалған жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болыпты. Жалын лезде шарпып, сол маңдағы құрғақ шөпке тараған. Салдарынан трассада жол қозғалысы тоқтатылып, ұзын-сонар кептеліс пайда болыпты. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының өрт сөндірушілері оқиға орнына жетіп, жалынды ауыздықтаған соң қозғалыс қайта реттелген. Зардап шеккендер жоқ.

← Все новости