Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 20 просмотров

Кен орнына бөлінген қаражатты жымқырған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет кенішін қанап кетті.

Бұл – қалайы шығаратын Қазақстандағы жалғыз, ал Орта Азиядағы ең ірі кен орны. Нақтысы былай: 2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы нысанның іші-сыртына теміржол және инженерлік инфрақұрылым салу үшін Akcent KZ серіктестігімен келісімшарт жасасқан. Жоба құны – 1,4 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған. Алайда іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылып, әлі күнге аяқталмады. Сөйтсе, бөлінген қаражатты экс-басқарма басшысы мен мердігер сыбайласып жымқырып кетіпті.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Нәтижесінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 миллион теңгені құрады. Іс бойынша мердігер ұйымның басшысы және Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды. Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости