Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Арал теңізі толып келеді

Солтүстік Аралдың арнасы толысып келеді. Соңғы үш жылда теңіздің көлемі 23 текше шақырымнан асқан. Су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында көрші елдермен де бірқатар келісім жасалды. Сондай-ақ, Балқаш көлінің де жағдайы тұрақталды. Екі жылда айдынға шамамен 30 текше километр су құйылған. Қазір көлдің экожүйесін сақтау үшін жауапты министрлік 2040 жылға дейінгі арнайы жоспар әзірлеп жатыр. Бұдан бөлек, Қапшағай су қоймасы үшінші жыл қатарынан 100 пайызға толған.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының су саласындағы тапсырмаларын іске асыру, стратегиялық және нормативтік базаны қалыптастыру кезеңінен инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға және су ресурстарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу кезеңіне өтті. Келесі кезеңде негізгі міндет – жоспарлы көрсеткіштерден нақты нысандарды уақытылы аяқтауға көшу және су қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, экономика мен ел халқы үшін тұрақты практикаға қол жеткізу.

Министрдің айтуынша, елімізде су саласына цифрлық технологиялар да белсенді енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 23 мыңнан астам су нысаны цифрландырылған. Бұл айдындарды тиімді бақылап, тіршілік көзінің ысырап болуын азайтуға мүмкіндік береді.

← Все новости