Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 26 просмотров

Орман өрті туралы кино жарыққа шықты

Ұмыту мүмкін емес қасірет.

Қазақстанда 2023 жылы «Семей орманы» резерватындағы ірі өртке арналған «38. Соңғы нүкте» атты көркем фильм таныстырылды. Сол апат кезінде тілсіз жаумен күрескен 15 адам қаза тапқан болатын. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеушілігімен түсірілген.

ҚҰРМАНБЕК ЖҰМАҒАЛИ, ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Өздеріңіз білесіздер, қаншама батырымыз осы өртпен күресемін деп қайтыс болды. Осыған байланысты біз осы азаматтарға, орманшыларға, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тағзым ретінде осындай бір жобаны қолдап, бір жыл бұрын қаражатын беріп, жұмысты бастаған болатынбыз.

Түсірілім жұмыстары 5 айға созылған. Картина авторларының айтуынша, бұл – орманның күнделікті тыныс-тіршілігі мен жұмысын осындай ауқымда көрсететін алғашқы отандық фильм.

НҰРЖІГІТ ХАЙДАР, «38. СОҢҒЫ НҮКТЕ» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ, СЦЕНАРИСТІ:

Тек сол оқиғаны емес, орман саласындағы қызметкерлердің жұмысын, олардың күнделікті атқаратын қызметін, өрт кезінде қандай қиындықтар болатынын түсіргіміз келді. Сондықтан бұл фильмді тек бір оқиғаға байланыстыруға келмейді. Дайындық жұмыстары 3 айға созылды, ал түсірілім жұмыстары 2 ай уақытты алды.

Үсен Астана

← Все новости