Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

Полицей бір отбасын аман алып қалды

Батыс Қазақстан облысында полицей бір отбасын өрттен аман алып қалды. Оқиға Жаңақала ауданына қарасты Қырқопа ауылында болды. Инспектор Нұрлыбай Нұрмұханов қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргенде бір үйдің ауласынан шығып жатқан қою түтінді байқаған. Қорадан басталған жалын баспанаға қарай таралып жатыпты. Дереу әрекетке көшкен ол шырт ұйқыда жатқан тұрғындарды оятып, бүлдіршіндерді қауіпсіз жерге алып шыққан. Өрт сөндірушілер жеткенше үй иелерімен бірге малды да сыртқа айдап үлгеріпті. Мамандармен бірлесіп тілсіз жаумен де арпалысып, өршуіне жол бермеген. Осылайша, тәртіп сақшысының батыл әрі жедел әрекетінің арқасында бір әулет дін аман қалды.

← Все новости